Министрлерді ауыстыра бергеннен су мәселесі шешілмейді - Ошақбаев

20 Қаңтар 2023, 11:51
1666
Бөлісу:
Министрлерді ауыстыра бергеннен су мәселесі шешілмейді - Ошақбаев

Бұл туралы «TALAP қолданбалы зерттеулер орталығы» қорының директоры Рахым Ошақбаев айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Ошақбаевтан журналистер «Орталық Азиядағы су тапшылығын қалай шешуге болады?» деп сұрады.

Орталық Азияда су проблемаларына, климаттың өзгеруіне оның болашағына қатысты заманауи сараптама іс жүзінде жоқ. Яғни, аймақтағы климаттың қалай өзгеретінін ешкім білмейді. Мәселен, алдағы 4-5 жылдан кейін жауын-шашынның орташа температурасы қандай болады, шарушалықтың жайы не болады оған жағдай бола ма әлі белгісіз, - деді ол «Орталық Азия – 2030: болашақтың келбеті» конфренциясында.

Ошақбаевтың айтуынша, әсіресе, Өзбекстанның Ферғана өңірі мен  Қазақстанның оңтүстік аймағы Түркістан облысы зерттелуі қажет.  

Су тапшылығы мен климат мәселелерін алдын алу үшін аймақтағы елдерге халықаралық институттарды тарту қажет. Суды тапшылығы ең өзекті мәселе, бірақ ол туралы ешкім үндемейді. Қазіргі таңда ешқандай нақты іс жасалып жатқан жоқ. Біз министрлерді, кадрларды ауыстра  береміз бірақ ол бұл мәселеге көмектеспейді, - деді «TALAP қолданбалы зерттеулер орталығы» қорының директоры Рахым Ошақбаев. 

Өзгелердің жаңалығы