Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов министрлер депутаттарды тыңдамайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Маған түскен шағымдардың бәрін министрлікке апарып бердім. Өте көп шағым түсті. Олар оның шешімін табуы керек. Министрлер бізді тыңдап отырғанын көрмедім. Айтқанды керісінше істеп жатыр. Осы сессияда қалай жұмыс істейтінін көреміз. Бір жыл бойы“жарайды” деп, көңілге қарағанымыз дұрыс болмады. Бәлкім, біз тыңдата алмай отырған шығармыз. Ол да бар, - деді Ринат Зайытов.
Еске сала кетейік, осыған дейін Ринат Зайытов өңірлерді аралағанда қандай проблемалар көргенін айтты.