Министрдің орынбасары Ауғанстандағы әскери жағдайға қатысты пікір білдірді

9 Шілде 2021, 15:29
3349
Бөлісу:
Министрдің орынбасары Ауғанстандағы әскери жағдайға қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-дағы брифингте Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев айтты.

Ауғанстандағы қазіргі саяси жағдай өте күрделі. Қазіргі кезеңде оқиғаға баға беру қиын. Қорғаныс министрлігі Ауғанстан маңындағы жағдайды күн тәртібінде ұстап, ақпаратты тұрақты түрде жаңартып отыр. Шетелдік қорғаныс серіктестермен де келіссөздерді назарда ұстап отыр. Бұл бағытта нақты бірдеңе айта алмаймыз. Оқиғаны бақылап, күту режиміндеміз, - деді ол.

Ол атағандай, Қазақстанның Қорғаныс министрлігі тұрақты әскери кезекшілікте тұр.

Халықаралық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуді қолдау үшін қандай да бір ұжымды жіберу үшін бірнеше шарт керек. Ондай шартқа екі тараптың бірі Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымына көмек сұрап жүгінуі керек. Сол кезде ғана шешім қабылданады, - деді Дәндібаев.


Өзгелердің жаңалығы