Министрдің кеткенін қимаймыз. Қызылордалық мұғалімдер Аймағамбетовті қимай, ерекше қойылым қойды

6 Қаңтар 2023, 18:26
1773
Бөлісу:
Министрдің кеткенін қимаймыз. Қызылордалық мұғалімдер Аймағамбетовті қимай, ерекше қойылым қойды
VIDEO

Қызылордада мектептің мұғалімдері экс-министр Асхат Аймағамбетовтің білім саласына енгізген өзгерістерін еске алып, ерекше ролик әзірлеп, ән айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қызылордадағы мектептің бірінде мұғалімдер арасында «Маска» атты шоу өтті. Концерт кезінде қатысушы-мұғалімнің бірі Орда тобының «Қимаймын» (немесе «Белгісіз жан») әнін орындап, барыстың киімінде сахнаға шықты.

«Маскадағы» мұғалім әнін орындап жатқанда экранда экс-министр Асхат Аймағамбетовтің жұмысы бейнеленген ролик көрсетілді.

Экранда 2022 жылы мұғалімдерге жасалған жеңілдіктер туралы слайд көрсетілді. Онда Аймағамбетовтің енгізген өзгерісі арқасында мұғалімдердің бес күндік жұмысқа ауысқаны, оқу жүктемесінің 18-ден 16 оқу сағатына түскені, мұғалімдерді қызметінен бөлек жұмыстарға тартылмайтыны, қағазбастылықтың жойылғаны, айлықтың көбейгені және т.б. жасалған жеңілдіктер туралы ролик әзірленген. Барыс киімінде шыққан мұғалім «Қимаймын» әнін айтқанда осы слайд қосылды. Яғни бұл жерде «министрдің кеткенін қимаймыз» деген оймен осы слайд қосылды, - деп айтты Қызылорда қаласындағы Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектептің директоры Жанат Сәдуақасова.

Мектеп директоры әр нөмірде тақырыпқа орай әртүрлі слайд жасалынғанын айтты.

Бұл үш тілде жүргізілетін мектеп театрының жұмысы. 

Конкурс мектептегі пән бірлестіктері мұғалімдерінің арасында ұйымдастырылды. 

Өзгелердің жаңалығы