Министр жемқорлық жайлаған субсидия түрін атады

8 Қазан 2022, 22:07
1295
Бөлісу:
Министр жемқорлық жайлаған субсидия түрін атады

Жетісу облысында АӨК-те алдағы үш жылда құны 32 млрд теңгеге жуық 67 инвестициялық жоба іске асырылады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі жаңа аймаққа алғашқы жұмыс сапары кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өңірге сапар кезінде Ербол Қарашөкеев жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына барды.

Атап айтқанда, Жетісу облысында 8,3 мың басқа арналған 36 сүт-тауар фермасы бар. Министр барған солардың бірі биыл өндірісті кеңейтуге қосымша 900 млн теңге инвестиция алды. Қазір «Каримов» ЖК сүт фермасында 900 бас ірі қара бар, оның 600 сауын мал.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы саланы субсидиялау бөлігінде жоспарланған инновациялар туралы айтты. Мысалы, зауыттарға тапсырылған сүт үшін субсидия алуға үміткер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде сүт құбыры бар машинамен сауу тиіс.

Бұл өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Сонымен бірге, бұл норманың жеке қосалқы шаруашылықтардың сүтін жинаушы кооперативтеріне қатысы жоқ.
Ербол Қарашөкеев Жетісудің асыл тұқымды орталықтарының бірі - асыл тұқымды малдардың генофондын сақтауға және көбейтуге арналған «Асыл» ЖШС-нің қалай жұмыс істейтінімен танысты. Мұнда тұқымды криоконсервациялау жоғары технологиялық жабдықта жүргізіледі.

Өңір фермерлерін мал шаруашылығын субсидиялаудың жаңа ережелері мәселесі аландатады, атап айтқанда ұсынылған нұсқада ІҚМ аналық басын қолдан ұрықтандыру қызметі үшін асыл тұқымды, дистрибьюторлық орталықтарды субсидиялауды алып тастау көзделеді. Фермерлер мемлекеттік қолдаудың бұл түрін оңтайландыру тұқымсыз малдың көбеюіне және өнімділіктің төмендеуіне әкеледі деп алаңдайды.

Ербол Қарашөкеев селекциялық-асыл тұқымды жұмысты субсидиялау субсидияның ең жемқор түрі екенін түсіндірді. Бұл барлық бұзушылықтардың 41% жеткен.

Антикор анықтаған көптеген фактілер бар, атап айтқанда жалған келісімшарттар жасасқан кезде, жалған қызметтер көрсетіліп, сол үшін ақша алған кездер анықталды. Қазір бұл мәселе жұмыс топтары аясында қарастырылып жатыр Әрине, селекциялық-асылдандыру жұмыстары сақталады. Бірақ бақылау құралдары күшейтіледі, - деді министр.

Министр жемқорлық жайлаған субсидия түрін атады

Жалпы, министрдің айтуынша, мемлекет пен Үкімет басшысының қолдауының арқасында қазіргі уақытта бюджет қаражатын қосымша бөлуді ескере отырып, субсидиялаудың жалпы көлемі - 451 млрд теңге. Бұл 2021 жылғы деңгейден 20% - ға артық, оның ішінде Жетісу облысына 53 млрд теңге көзделген.

Ербол Қарашөкеев өңірдегі егін жинау науқанының барысымен де танысты. Жетісу облысында 284,8 мың га астық жиналып, 658,6 мың тонна астық бастырылды, орташа өнімділігі гектарына 23,1 центрнерді құрап отыр.  Ал қант қызылшасын жинауға келетін болсақ, өңірдегі тамыр дақылының егіс алқабы 6 мың га құрады, ал биылғы жылы өнімділік шамамен – 400-450 ц/га.

Сонымен бірге сапар барысында Ауыл шаруашылығы министрі Көксу қант зауытында болып, облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті.

Өзгелердің жаңалығы