Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев "мектепте хиджаб киюге рұқсат беріле ме, жоқ па" деген сұраққа нақты жауап бермеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Үкімет отырысынан соң БАҚ өкілі министрдің жиындардың бірінде хиджабты қолдайтынын айтқанын мәлім етті. Бейсембаевқа "қолдайсыз ба, қолдамайсыз ба" деп сұрақ қойды.
Зайырлы мемлекет болғаннан кейін зайырлы елдің заңын орындауымыз тиіс, – деді министр.
Зайырлы елдің заңы қандай деп нақтылады сұрағын журналист.
Сізде сауатты адамсыз. Зайырлы мемлекеттің не екенін оқып көріңіз, – деп жауап қайырды Бейсембаев.