Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да ҚР Төтенше жағдайлар министрінің халық алдында есеп беруі кездесуінің қортындысы туралы өткен брифингте ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты.
ТЖМ басшысы өрт қауіпсіздігін де қатаң сақтауға шақырды.Қазір - демалыс маусымы. Біздің азаматтар демалулары да керек. Алайда пандемия мен карантин шараларын сақтау қажет. Бізде балалар мен өскелең ұрпақ арасындағы өлім-жітім көбейіп отыр. Бұл суға шомылу мен балалардың биік ғимараттарда қараусыз қалуына байланысты болып отыр. Терезеден құлап, жарақат алған немесе көз жұмған жағдайлар жиі кездеседі. Сондықтан ата-аналарды балаларына мұқият болуға шақырамын, - деді министр.
Сондай-ақ министр брифингте ШҚО-да өртті сөндіруге атсалысқан өрт сөндірушілерге үстемақы төлеу туралы айтқан еді.Мұндай жағдайға Риддер қаласындағы өрт мысал бола алады. Қала сыртына демалуға шыққанда өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырамын. Ол орман мен тұрғын үй секторына тарап кетпеуі керек. Қауіпсіздік шаралары мен қылмыстық жазалау туралы ұмытпауға шақырамын, - деді ол.