Аида Балаева ProTenge телеграм-арнасының ақпаратын бөлісті деген журналист Асхат Ниязовқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Соңғы күндері ProTenge телеграм-арнасының бас редакторы Жәмила Маричева мен журналист Асхат Ниязовқа қатысты көптеген сұрақ түсіп жатыр.
Мәдениет және ақпарат министрлігі өз құзыреті шегінде медиа-кеңістікте мониторинг жүргізу барысында «ProTenge» телеграм-арнасында ақпарат таралу фактісін анықтады (оны А.Ниязов репост жасаған). Алайда, кейін оны мемлекеттік органдар теріске шығарды. Бұл материал дәйексіз деп танылуы мүмкін басқа материалдармен бірге бағалау және тиісті әрекет ету үшін ішкі істер органдарына жіберілді, - деп жазады ол.
Сондай-ақ жалған ақпарат таратуға байланысты фактілер бойынша одан әрі құқықтық баға беру, тиісті шаралар қабылдау ішкі істер органдарының құзыретіне жатады. Қазіргі уақытта іс материалдары әкімшілік сотқа жіберілгенін мәлімдеді.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің полиция қызметкерлері әрекетінің заңдылығы мен негізділігін бағалауға құқығы жоқ. Бұл «МАМ берген талаптар» деп хабарлау дұрыс емес, мұндай мәлімдемелер шындыққа жанаспайды. Жалпы, министрлік бұқаралық ақпарат құралдарының құқығының бұзылуына жол бермеу ұстанымын ұдайы ұстанады. Сондай-ақ журналистерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзбаған жағдайда әрдайым қорғауға дайын, - екенін жеткізді.
Жазба соңында барлық БАҚ пен азаматтарды жалған және тексерілмеген ақпарат таратпауға шақырды.