Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Министр үш елден бірдей зейнетақы алып келген азаматтар туралы айтты

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
8 Қыркүйек 2025, 13:46
470
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ведомство ұсынған зейнетақы заңнамасын қатайту жөніндегі түзетулерді түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ведомство мәліметінше, бұл түзетулер қос азаматтығы бар тұлғаларға қатысты болмақ.

Біз бұл түзетулерді талқылаймыз. Біз қос азаматтығы бар кей зейнеткерлердің Қазақстан аумағында тұрмайтынын, елден тыс жерге кеткенін анықтадық. Сол себепті қазір зейнеткерлерге ғана емес, тұрғылықты мекенжай бойынша тіркеуге қатысты да талаптар күшейтіліп жатыр, – деді Жақыпова.

Ол кейбір адамдардың бірден үш елден зейнетақы алғаны бойынша нақты фактілер бар екенін айтты.

Сот процестері аяқталған соң, нақты мәліметтерді ұсынамын. Кейбір азаматтар қос азаматтық арқылы Ресейден де, Қазақстаннан да, Өзбекстаннан да зейнетақы алып отырған, – деді Жақыпова кулуарда.

Бұған дейін зейнетақы мен жәрдемақы енді "пропискасы" барларға ғана төленуі мүмкін екені айтылған еді.

Өзгелердің жаңалығы