Министр: Ұлытау өңірінің егіс көлемін екі есеге арттыруға мүмкіндігі бар

19 Маусым 2024, 23:50
306
Бөлісу:
Министр: Ұлытау өңірінің егіс көлемін екі есеге арттыруға мүмкіндігі бар
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин төрағалық ететін делегация құрамымен Ұлытау өңірінде барып, шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Шегіртке зиянкестерінен қорғау шараларының сапасын тексеріп, шаруалармен кездесті.

«Бекетай баба» шаруа қожалығын аралау барысында министр егіс алқаптарын аралап көрді.

Өңірдегі ірі шаруа қожалықтарының бірі саналатын Бекетай баба қожалығы 1995 жылдан бері егін және мал шаруашылығымен айналысады. Шаруа қожалығына 21,3 мың гектар аумақтағы жайылым, егістік және шабындық тиесілі. Биылғы көктемде 5,5 мың гектарға бидай егілді. 440 бас ірі қара, 610 бас ұсақ мал, 350 жылқы бар.

32 жылдан бері егін және мал шаруашылығымен айналысып келе жатқан «Өмірбеков» шаруа қожалығында 1800 гектар алқапқа егін егін егілді.

Мемлекеттік органдар, "Ұлытау" ӘКК, АНК өкілдерінің қатысуымен өткен шаруалармен кездесуде көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қатысты мәселелермен қатар шегірткеге қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды.

Облыста көктемгі дала жұмыстары аяқталды. Мұнда 29 мың гектарға егін егілді. Кеңес заманында мұнда 75 мың гектарға дейін егіс болғанын ескерсек, егіс көлемін ұлғайту мәселесі облыс үшін өзекті деп ойлаймын, өйткені алқапты екі есе ұлғайту мүмкіндігі бар. Өсімдік шаруашылығын дамытатын шаруашылықтарды қолдауға дайынбыз. Мемлекет шаруаларды қолдау мақсатында нақты шараларды қолға алуда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша саланы қаржыландыру 4 есеге ұлғайып, 580 миллиард теңгені құрады, тағы 100 миллиард теңгеауыл шаруашылығы техникасын лизингке алуға қарастырылған. Шаруа қожалықтарын қолдауға бағытталған бағдарламалар бар, олар 5 пайызбен жеңілдікпен несие береді. Барлық қолда бар мүмкіндіктерді барынша пайдалану керек, - деді министр.

Бүгінгі таңда агроөнеркәсіп кешеніндегі жобаларды несиелендіру шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жеңілдетілген қаржыландыру тәжірибесін тираждау іске асырылуда. Ондағы мақсат елдегі азық-түлікті қамтамасыз ету үшін ішкі нарыққа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндіруді қамтамасыз ету.Сондай-ақ, ауылдық жерлерде жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға да болады. Осы мақсатта Ұлытау облысына 3 млрд теңге бағытталды. Бұл қаржыға үш тауарлы-сүт фермасы ашылады. Ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 3 млрд теңгенің 426 жобасы жүзеге асырылады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтаружұмыстарын жалғастыруда. Жоспарланған 170 мың гектар ауыл шаруашылығы жерінің қазірдің өзінде 44,4 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылды.

Сондай-ақ Айдарбек Сапаров шегірткеден қорғау шаралары мен шегірткелерді анықтау бойынша мониторингтік зерттеулердің барысын тексерді.

Облыста итальяндық прус зиянкесіне қарсы күрес шаралары жүргізілуде: 233,5 мың га аумақ зерттелді, шегірткелердің таралуы 0,7 мың га аумақты қамтиды деп болжануда. Пестицидтер мен химиялық өңдеуге арналған құрал-жабдықтар жеткілікті.

Өзгелердің жаңалығы