Министр Талғардағы жасөспірімнің өлімі туралы істі жеке бақылауына алды

Бүгiн, 19:28
140
Бөлісу:
Министр Талғардағы жасөспірімнің өлімі туралы істі жеке бақылауына алды
Фото: Polisia.kz

Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Сәденов Алматы облысының Талғар ауданында жасөспірім өлімі туралы істі жеке бақылауына алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы облысының Талғар ауданында орын алған кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты мән-жайлар менің жеке бақылауымда, - деп жазды министр.

Оқиға орнында бірінші орынбасарымның басшылығымен ІІМ қызметкерлерінен құралған топ жұмыс істеуде.

Кінәлілер тиісті жазасын алады.

Өзгелердің жаңалығы