ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Qazcontent ұжымымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Министрлік тізгінін жақында ғана қолға алған Дархан Қуандықұлы елдегі ең ірі ақпараттық ресурс өкілдерінің басшылық құрамымен кездесу барысында қазіргі журналистика саласы туралы және Qazcontent АҚ-тың алдағы даму жоспарлары туралы айтты.
Сонымен қатар ол Qazcontent құрамындағы ақпараттық және танымдық сайттардың контент жасаудағы мүмкіндігі жоғары екенін атап өтті.
Кездесу барысында бас редакторлар өз ойларын айтып, министрге ұсыныс-тілектерін жеткізді.