Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев ресейлік Ural Motorcycles зауытының Петропавлға көшіп келуіне қатысты түсініктеме берді.
Қазақстандықтарға бизнесті дамыту тұрғысынан өз мүмкіндіктеріне сенгеніне үлкен алғыс айтқым келеді. Бізде күн сайын жобалар пулы өсіп жатыр. Басқа елдер, соның ішінде Ресей де бар. Біз Қазақстанда өз өндірісін ашуға дайын барлық кәсіпорынды қабылдауға дайынбыз. Өйткені бұл жаңа жұмыс орындары, қосымша салық, құзыреттер, - деді Өскенбаев үкімет кулуарында.
Сондай-ақ министр компанияның батыстың санкцияларына ілігіп кетпей ме деген сұрағына жауап берід.
Өз кезегінде Өскенбаев "Урал" зауыты санкцияға ілікпегенін атап өтті.
Біріншіден, "Урал" зауыты санкцияларға ілікпеген. Ресейлік компаниялардың бәрі санкцияға ұшырамаған. Батыс елдері олардың нақты тізімін бекіткен, менің білуімше, “Урал" зауыты бұл тізімге кірмеген. Егер ол қандай да бір себеппен Қазақстан аумағында кәсіпорын ашуға бел буса, неге біз бас тартуымыз қажет, – деді Қайырбек Өскенбаев.