Министр қай өңірлерде су тапшылығы болатынын айтты

20 Қазан 2022, 15:33
1348
Бөлісу:
Министр қай өңірлерде су тапшылығы болатынын айтты

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Су ресурстарын көптеп тартыла бастаған кезде Қазақстанда су ресурстарының тапшылығы 2030 жылға қарай 23,2 текше километрше жетуі мүмкін. Бұған бірқатар фактор әсер етеді. Бәрінен бұрын климаттың өзгеруі, су ресурстарының республиканың аумағы бойынша біркелкі бөлінбеуі және соған байланысты су ресурстарына жүктеме болуы ықтимал, - деді министр ОКҚ өтіп жатқан баспасөз мәслихатында. 

Спикердің сөзінше, су ресурстарына қатысты жағдай ел аумағында күрделене түспек.

Елдің шығыс аймағы су ресурстарымен барынша қамтамасыз етілген. Еіліміздің орталдығы - ең аз қамтамасыз етілген аймақ (Нұра-Сарысу бассейні). Көршілес елдерге ең тәуелді оңтүстік және батыс аймақтар болып келеді. Болжам бойынша, су тапшылығы оңтүстік және батыс аймақтарға да көбірек әсер етеді, - деді Серікқали Брекешев. 

Өзгелердің жаңалығы