Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев «Қарағанды-Балқаш-Бурылбайтал» автожолын қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.
Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
Қайырбек Өскенбаев 1492-1517 шақырым аралығындағы учаскедегі жұмыстарды тексерді, бұл аралықтағы автожолды қалпына келтіру жұмыстарын «ҚазГерСтрой» ЖШС айналысып келеді. Министр сондай-ақ «Sinohydro Corporation Ltd», «SMS» және «CITIC Construction Co.Ltd» мердігер құрылыс компанияларының басшыларымен кездесті.
Сапар қорытындысы бойынша министр «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-на бірқатар тапсырмалар беріп, құрылыс жұмыстарының барысы бойынша жекелеген мәселелерді бақылауға алды.