Министр ойынқұмарлар проблемасына назар аударуға уәде берді

13 Наурыз 2019, 18:46
2635
Бөлісу:
Министр ойынқұмарлар проблемасына назар аударуға уәде берді

Астана, BAQ.KZ. ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады. 

Еліміздегі бас полицейдің тұрғындармен кездесуі ұзаққа созылып, қабылдауда болған 32 адам ІІМ басшысына өз проблемаларын айтты.

 Арыздардың легі де әртүрлі болды. Айталық, «Республикалық әйелдер кеңесі» ААҚ басқармасаның төрағасы Ханзада Балтаева баласының құмар ойынға елігіп кетуінің салдарынан болған өз отбасындағы күрделі жағдайға тоқталды.

"Мен ешқашан да отбасым осындай жағдайда душар болады деп ойлаған жоқпын. Менің ұлым ойын клубтарының белсенді қатысушысы (букмекерлік кеңселер – Авт) болып, сегіз айдан бері үйдің қарасын көрген жоқ. Ұлыма сыйлаған пәтерім кепілдікке салынып, барлық ақшасын ұтқызып алды. Бүкіл есеп-шоттарымыз тұтқындалып, біз баспанасыз қалдық", - деді ол. 

Балтаева ұлын «келісім-шартқа отырғызып, тұрғын үйін рәсімдегендер әрекетінің заңдылығын анықтауды сұрайды. 

"Біздің ұйымымыз әйел-лидерлерді ілгерілетумен айналысады, бірақ көріп отырғандарыңыздай бізге қолдау қажет. Статистика бойынша, ажырысқан жағдайда бес оқиғаның екеуі күйеуінің ойынқұмарлығына байланысты болып жатады. Ойынқұмарларлар  қыдырымпаз еркектерден де жаман. Себебі олар, өз отбасын қарызға белшесінен батырады. Қоғамдық ұйымдар мен ІІМ ойынқұмарлар мәселесін шешу жолдында өз күштерін біріктіре алар еді", - деп мәлімдеді Балтаева.    

Астана полициясы департаментінің өкілі тиесілі арыздың тіркелгенін, осыған орай құқық қорғау органдарының жасалған келісімнің заңдылығын анықтап жатқандығын түсіндірді. Министр ойынқұмарлар проблемасына назар аударуға уәде берді. 

Алматылық Виктор Васильев ІІМ басшысына өз әпкесінің мүддесін қорғап, тұрғын-үй мәселесімен келіпті. Васильевтің айтуынша, алаяқтар алдау әрекетімен әпкесінің үйін  тартып алған, алайда, тергеушілер «құқық бұзушылық әрекет таппай, қылмыстық іс қозғаудан бас тартуда».

"Мен тергеушінің пара алғанына сенімдімін. Шара қолдануыңызды сұраймын", - деді Виктор Васильев. 

Алматы полициясы департаментінің өкілі болса, осыған орай ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша іс қозғалғандығын айтты.

"2-3 күннің ішінде біз күдіктіні ұстап, көзбе-көз беттестіру өткіземіз" - деді ол. 

Сондай-ақ Тұрғымбаев «әділдік үшін» тергеушіні ауыстыру мәселесін қарастыруды тапсырды. Министрмен кездесуге келген Жақсыгүл Бөкенова, бұрын әскери қызметте болған бауырының зорлық жасады деген желеумен заңсыз сотталғандығын екі жыл бойы дәлелдеп келе жатқандығын тілге тиек етті. Бөкенованың айтуынша, қылмыс 2015 жылы жасалғанымен, қылмыстық іс 2017 жылы ғана қозғалған. 

"Шағымданушы мен тергеушілердің құрғақ қиялынан басқа бұл жерде ешқандай дәлделдер жоқ. Сол күні мүлде басқа жерде жүрген  бауырымның зорлық жасауы қалай мүмкін болмақ?" – деп сұрады Жақсыгүл Бөкенова. 

Сонымен бірге ол процессуалдық нормалардың қатты бұзылған жағдайларының орын алғандығын хабарлады: қазақтілді күдіктіге орыс тіліндегі полиграфта тест жүргізген т.с. с. Ол аздай, тергеуші бауырының жеке заттарын қайтарып бермеген. 

"Егер ұрлық туралы күдігіңіз болса арыз жазыңыз, ол міндетті түрде қаралатын болады. Ал, сот шешіміне келетін болсақ, мен де, басқалар да оны талқылай алмайды", - деп жауап берді Ерлан Тұрғымбаев. 

Азаматтарды қабылдау кезінде Ішкі істер министрі өзіне жазылған кез-келген адамды «Nur Otan» партиясының алаңында да, сондай-ақ ІІМ де қабылдауға дайын екенін мәлімдеді. 

Өзгелердің жаңалығы