Министр партияларға қазынадан қаржы қалай берілетінін айтты

2 Ақпан 2023, 12:47
1364
Бөлісу:
Министр партияларға қазынадан қаржы қалай берілетінін айтты
Фото: Tengrinews.kz

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді,  деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрге саяси партиялар арасында бюджетті қаржыландыру қалай жүзеге асырылатыны туралы сұрақ қойылды. 

«2023 жылғы бюджетте Қаржы министрлігі 173 млрд теңге бөлген. Оның 11,8 млрд теңгесі – саяси партияларды қаржыландыруға бағытталады. 11,8 млрд теңгені партиялар арасында қалай бөлесіздер?» деп сұрады БАҚ өкілдері. 

Жақын арада Парламентке нақтылау үшін барамыз. Орталық сайлау комиссиясының өтінімін негізге ала отырып, біз аталған бюджетті қайта қараймыз және сәйкесінше, қаржы үлестіріледі, - деп жауап берді Қаржы министрі Сенаттың кулуарында тілшілерге берген сұхбатында. 

Айтуынша, заң бойынша қаржыландыруға Парламентке өткен партиялар ғана қол жеткізе алады. 

Дауыстарды бөлу бойынша сәйкес әдістеме бар. Сол дауыстар бойынша қаржыландыру жүргізіледі. 2022 жылы қателеспесем, қаржыландырудың жалпы сомасы 8,5 млрд теңге шамасында болды. Оның басым бөлігі AMANAT партиясына бөлінді, 1 млрд теңгедейі – «Ақ Жол»-ға және 800 млн-дайы «Қазақстан Халық партиясына» берілді, - деді ведомство басшысы.

Еске сала кетейік, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын кезектен тыс сайлау 19 наурызда өтеді. 

Өзгелердің жаңалығы