Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаевтың Қостанай облысына сапары барысында министр Семиозерный Орман шаруашылығы мекемесіне Новонежин орманшылығының Орман өрт сөндіру станциясына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
УЛХ қызметкерлерімен кездесуден кейін министр 2022 жылғы өрттен өткен орман учаскелеріне барды.
2022 жылдың 2-10 қыркүйегінде Әулекөл ауданының аумағында болған ірі орман өртінің ауданы 39,8 мың га құрады, оның ішінде 32,4 мың га орманмен жабылған, жалпы ағаш қоры - 4 млн.670 мың м3, жалпы шығын - 18,8 млрд теңге.
Өртен зардап шеккен орман алаңында ағаш кесу жұмыстары жүргізілуде.
Облыстың орман шаруашылығы мекемелері 2022-2023 ж. ж. 621,8 мың м3 ағаш дайындады, ауданы - 4,8 мың га.
2024 жылы 164,9 мың м³ ағаш дайындалып, 1,7 мың га жерде ағаш кесу жұмыстары жүргізілді. Бұл ретте, тек діңгек ағашы ғана кесілетін «таңдап кесу» жүргізіліп жатыр, нәтижесінде орман дақылдарын отырғызуға учаскелер дайын болмай қалады.
Ағаш дайындауға 141 бригада, 478 адам, 345 бірлік техника жұмылдырылды.
Әулиекөл ауданының өрттен кейінгі алаңдарда барлығы 310 гектар алқаптағы автомобиль жолдарының бойында ағаш кешттерін отырғызу жүргізілді.