15 қазан - Орман шаруашылығы қызметкерлері күні. Еліміздің табиғат қорғау мекемелерінде 17 мыңнан астам жұмысшы еңбек етіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ол орман отырғызу мен оны қорғау саласындағы мемлекеттік орман күзетінің жұмысын ерекше атап өтті.
Құрметті әріптестер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Орман шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Табиғат қорғау мекемелерінде 17 мыңнан астам жұмысшы еңбек етуде. Оның ішінде, орман отырғызу мен оны қорғау саласындағы мемлекеттік орман күзетінің жұмысын ерекше атап өткім келеді. Мемлекет басшысының елімізді көгалдандыру бойынша тапсырмаларын орындауда орман саласының мамандары үлкен үлес қосуда. Өз өмірлері қауіп-қатерге төнсе де, берекелі қызметтерінің тұғырын құлатпау үшін аянбай тер төгіп жүр. Құрметті әріптестер, Сіздерге қызметтеріңізге деген адалдық үшін шынайы алғысымды білдіремін, сондай-ақ болашақта да орман шаруашылығын дамытуға барлық күш-жігерлеріңізді жұмсайды деген сенімдемін. Отбасыларыңызға амандық, таусылмайтын дәулет, арылмайтын бақыт, жұмыстарыңызға табыс тілеймін!, - деді министр.