Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді.
Ол «Құқық қорғау институттарын күшейту бойынша 9 іс-шараны іске асыру көзделгеннін атап өтті.
Азаматтардың іргелі құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты құрылатын болады. Конституцияда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі мен қызметінің кепілдіктері регламенттеледі. Сондай-ақ, адам құқықтары жөніндегі уәкілге Конституциялық Сотқа жүгіну құқығы беріледі, - деді ведомства басшысы.
Сонымен қатар министр өлім жазасы Конституциядан алып тасталатынын айтты.
Прокуратура органдарына азаптау туралы істердің айрықша тергеулігін белгілеу көзделеді. Сондай-ақ, «Прокуратура туралы» Конституциялық заң жобасын әзірлеу жоспарлануда.
Жоғары Сот Кеңесінің конкурстық рәсімдерін онлайн - трансляциялауды және олардың қорытындылары бойынша егжей-тегжейлі, дәлелді түсіндірмелер жариялау енгізіледі, -деді Ұлттық экономика министрі.