Облыстық Экология департаменттері тоқсан сайын халыққа есеп беруге міндетті - министр

9 Қазан 2020, 12:37
1923
Бөлісу:
Облыстық Экология департаменттері тоқсан сайын халыққа есеп беруге міндетті - министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыстық Экология департаменттерінің жетекшілері әр тоқсан сайын жұртшылық алдында өңірлердің экологиялық проблемаларын шешуге бағытталған Жол картасындағы шаралардың орындалуы туралы есеп беріп отыруы тиіс. 

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Жамбыл облысының қоғам белсенділерімен болған онлайн-кездесуде айтты. 

Экология министрі осындай кездесулерді өңірлердің тұрғындарымен тұрақты түрде өткізіп келеді. Талқылау нәтижесінде әр облыс немесе қаладағы экологиялық проблемаларды шешу жөніндегі Жол картасы дайындалады. 

Облыс әкімдері өңірлер жұртшылығымен бірге әзірленетін Жол карталарына қол қойғаннан кейін біздің облыстық департамент басшылары тоқсан сайын жұртшылық алдында есеп беріп, сондағы шаралардың орындалуы жөнінде тұрақты түрде баяндап отыратындай жұмыс форматына көшкіміз келеді, - деді Мағзұм  Мырзағалиев.

Жол картасына енгізілген шаралардың ішінде өңірлердегі жасыл желекті көбейту, қалдық шығарындыларын азайту, қоғамдық көліктерді газға ауыстыру, атмосфералық ауаның сапасы туралы тұрғындарды LED-экрандар арқылы ақпараттандырып отыру және тағы басқа жоспарлар бар. 

Өзгелердің жаңалығы