Министр Мұрат Нұртілеу Иран халқына көңіл айтты

21 Мамыр 2024, 02:20
492
Бөлісу:
Министр Мұрат Нұртілеу Иран халқына көңіл айтты
Фото: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Еліміздің Сыртқы істер министрі Иранның жоғары лауазымды тұлғалардың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Мұрат Нұртілеу орын алған тікұшақ апаты салдарынан Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисидің, Сыртқы істер министрі Хосейн Әмір-Абдоллахиянның және басқа да жоғары лауазымды тұлғалардың қаза болғаны туралы қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

Иран халқы саналы ғұмырын мемлекет мүддесінің мұқалмауына, азаматтарының әл-ауқатын жақсартуға, Тегеранның халықаралық сахнадағы беделін арттыруға арнаған көрнекті қайраткерлерінен айырылды. Бауырлас Қазақстан мен Иран арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухындағы қатынастарды нығайту ісіне елеулі үлес қосқан тұлғалардың жарқын есімдері жадымызда мәңгі сақталады. Осы қиын сәтте қаза болғандардың отбасылары мен жақындарының, әрі достас Иран халқының орны толмас қайғыларына ортақтасып, Алладан сабырлық пен күш-қуат тілеймін, – деп жазылған жеделхатта.

Еске салайық, Иран президенті Ибрахим Раиси мінген тікұшақ апатқа ұшырады. Салдарынан елдің мемлекет басшысы, оның қасында болған сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан, тағы бірнеше лауазымды тұлға қаза тапты.

Өзгелердің жаңалығы