Министр Маңғыстаудағы жұмысшылардың ереуіліне қатысты: 200 жұмысшы жалақысына көңілі толмайды

10 Қыркүйек 2019, 14:17
1830
Бөлісу:
Министр Маңғыстаудағы жұмысшылардың ереуіліне қатысты: 200 жұмысшы жалақысына көңілі толмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов тілшілерге Маңғыстаудағы «М-Техсервис» ЖШС мұнай сервистік компаниясының жұмысшыларының ереуіліне байланысты пікір білдірді.

«М-Техсервис» ЖШС мұнай сервистік компаниясының жұмысшылары жалақыларын 65% арттыруды талап етті. Қазіргі уақытта жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасындағы жанжал жалғасуда. Бірақ наразылық митингі тоқтатылды.Жалақыны көтеру талабы бес-алты күн бойы жалғасуда. Алдымен компания басшылығы жалақыны 65% көтеруге келісті. Хаттама жасалды. Өкінішке қарай, ол орындалмады. Бүгін таңда жергілікті еңбек инспекциясы және облыс әкімімен осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз». - дейді Біржан Нұрымбетов.

Ол қазіргі уақытта бас прокуратура мен еңбек инспекциясы 63 кәсіпорынға тексеру жүргізіп жатқанын айтты.

«38 кәсіпорынға тексеру аяқталды. Өкінішке қарай, оның 19-ында қазақстандық және шетелдік жұмысшы арасында жалақыға қатысты теңсіздік бар. Еңбек кодексіне сәйкес, ұлты мен азаматтығына қарамастан әрбір жұмысшыға бірдей жағдай жасалуы тиіс», - дейді министр. 

Бірақ ол   «М-Техсервис» ЖШС жұмысшыларының жалақысы туралы сұраққа нақты жауап бере алмайтындығын айтты.

«Дәл қазір нақты айту қиын. Менің ойымша, шамамен 275 мың теңге. 200-не жуық жұмысшы өз жалақыларының аздығына наразы.Бұл жұмыс берушілерден жалақыны көбейтуді немесе басқа еңбек жағдайларын жасауды талап етуге жұмысшылардың құқығы. Олар шешімді диалог арқылы шешуі керек» - деді Біржан Нұрымбетов.

 

Өзгелердің жаңалығы