Министр латын әліпбиіне көшу тілдің дамуына қалай әсер ететінін айтты

13 Қазан 2023, 17:18
1027
Бөлісу:
Министр латын әліпбиіне көшу тілдің дамуына қалай әсер ететінін айтты
Фото: Арман Мухатов

Бұл жайында «Цифрлық әлемдегі қазақ тілі» атты тақырыпта өткен конференцияда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр қазақ тілдің болашағы өзіміздің қолымызда екенін атап өтті. Сөзінше, мемлекеттік тілде контент саны аз болғандықтан жасанды интеллект те кеш дамып жатыр.

Қазір бір ақпарат бар, бірі жоқ. Егер бүкіл ақпарат толық болса жасанды интеллекті қазақша сөйлетіп, ықпалдастыра аламыз, - деді Цифрлық даму министрі.

Мусиннің айтуынша, екіншіден, бұл мәселені латын әлпиіне көшу арқылы да шешуге болады.

Егер бұл екі істі жүйелі түрде жасасақ, «қазақ тілі технологияның тілі емес» деген таптаурыннан құтыла аламыз. Қазіргі таңда «қазақ тілі біздің мәдени тіліміз, бірақ ол технологиялық тіл емес сондықтан баламызды орысша, ағылшынша үйретеміз » деп айтатындар бар, - деді министр Digital Bridge аясында өткен жиында.

Ведомтсво басшысы интернет бетіне тек әдеби тілді енгізе бермей, күнделікті ауызекі тілді де көбейтуді қарастыру керегін айтады.

Иә, «Яндекс» компаниясы Алисаны қазақша сөйлейтті, қазіргі таңда ақырындап бейімдеп жатыр. Бұл жұмысты шетелдің компаниясы ғана жасап қоймай, өзімізде де істеуіміз керек, - деді Цифрлық даму министрі.

Өзгелердің жаңалығы