Министр көлік саласының қызметкерлерін құттықтады

7 Тамыз 2022, 13:17
1010
Бөлісу:
Министр көлік саласының қызметкерлерін құттықтады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев көлік саласының қызметкерлерін құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құрметті көлік саласының қызметкерлері мен ардагерлері! Сіздерді кәсіби мереке – Көлік қызметкерлері күнімен құттықтаймын! Бұл салада еңбек ететін әр қызметкер зор құрметке лайық. Сіздердің ерен еңбектеріңіздің нәтижесінде ауқымды жобалар жүзеге асырылып, ел экономикасының күре тамырына қан жүгіруде. Мемлекеттің көлік-логистика саласы экономиканың негізгі секторларының бірі. Бүгінгі таңда 400 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отырған еліміздің көлік саласы — мемлекетіміздің дамуына айрықша үлес қосуда. Өз кәсібіне лайықты ізбасар дайындап, осы салаға саналы ғұмырын арнаған ардагерлерге де шын жүректен алғыс айтамын. Баршаңызға мықты денсаулық, амандық тілеймін, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы