Министр кең тараған ұрлық түрлерін атады

9 Маусым 2020, 14:01
1165
Бөлісу:
Министр кең тараған ұрлық түрлерін атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. тілшісі. Ауылдық жерлердегі малды ұрлау ауыл қожалықтарының дамуына айтарлықтай әсер етіп отыр. Бұл кірістің негізі көзі болғандықтан белең алған.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қылмыстық кодекске мал ұрлау бойынша дербес бап енгізілді. Биыл тіркелген жағдайлардың 70 пайызында бақылаусыз жайылымдардағы малдар ұрланған. Қазіргі таңда мал ұрлығының мыңдаған фактісі тіркелген. 4500 мал ұрланып, оның 2200 иелеріне қайтарылды.Еркін жайылымдағы малдар жол көлік оқиғаларына себепші болып отыр. Жыл басынан бері 24 мал қағылып, оның салдарынан 4 адам көз жұмды. Тағы 50 адам жарақат алды, - деді министр.  

Министр заңмен мәслихаттарға малдардың жайылу тәртібін әзірлеу тапсырылғанын айтты. Сондай-ақ министр белең алған ұрлықтардың бірі автокөлік бөлшектерінің ұрлануы екенін айтты. 
Ол ішкі сауда тәртіптерін өзгертуге алып келді. Енді ескі автобөлшектер арнайы, мамандандырылған дүкендерде тауар тапсырушының фото мен жеке мәліметтері көрсетілген келісім шарт арқылы ғана қабылданады. Ұлттық банкпен бірігіп ломбардтарға қатысты жаңа ережелер әзірленді. Ол ұрланған заттардың сатылынуына жол бермейді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы