Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «ҚР-да МСАК-тың рөлі мен дамытуды күшейту және COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы» брифинг барысында айтты.
Қазір қазақстандық вакцинаны қолданбас бұрын біз клиникалық зерттеудің нәтижесін алуымыз керек. Оны сәуірдің соңында аламыз деп күтіп отырмыз. Ол зерттеудің қорытындысы бойынша аталған вакцинаны ел ішінде егу шешімі қабылданады. Одан кейін биологиялық қауіпсіздік институтының вакцинаны жеткізілуін күтеміз. Қазір вакцинаны тіркеу мен оның өндірісі жұмыс бойынша жүзеге асырылып жатыр, - деді ол.
Цой нақты ақпаратты сәуірдің аяғында белгілі болатынын айтты.
Болжам бойынша сәуірдің соңында дайын болады деп жоспарлап отырмыз. Біз бастапқы кезеңде шектеулі ұжымдарға «Спутник – V» вакцинасын ектік. Халықтың күтуінде, әрине, күмәндану болды. Кейін екпе жүзеге асырылған соң егу көлемін кеңейте бастадық. Қазір жаппай вакцинациялауды жүзеге асыру үшін үлкен алаңдарды пайдалану мәселесін де қарастырып жатырмыз, - деді ол.
Министр вакцинаның дозасына қарай егу көлемі анықталатынын айтты.
Әрбір вакцинациялау нүктесінде аймақты кеңейте береміз. Мәселен, былтыр бір айда 2,3 млн адамды тұмауға қарсы вакцинацияладық. Сондықтан вакцина бойынша қауқарымыз өте жоғары. Сондықтан коронавирусқа қарсы вакциналау бойынша ешқандай проблема болмайды,– деді Цой.