Министр Каспий теңізі бойынша шешілмеген мәселені атады

5 Қазан 2022, 11:14
781
Бөлісу:
Министр Каспий теңізі бойынша шешілмеген мәселені атады

Бұл туралы Мәжіліс отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өздеріңіз білетіндей, Каспий теңізінің құқығы жөніндегі конвенцияны еліміз ратификациялаған болатын. Қазақстанмен бірге теңізбен шектесетін Ресей, Түрікменстан, Әзербайжан елдерін де конвесияны мақұлдаған болатын. Қазіргі таңда Иран тарапының жауабын күтудеміз. Өйткені олар ең біріншіден, бастапқы тік жағалау сызықтарын өткізу шартымен біріктіру қажет деп отыр. Себебі, бәрімізге белгілі, бұрын Иран бұл теңізді бір мемлекетпен, яғни Кеңес одағымен бөліп алып отырған еді, қазіргі таңда теңіз 5 мемлекеттің иелігінде. Сондықтан Иран тарапы үшін бұл өте күрделі сұрақ. Олардың депутаттарымен келісу үшін екінші шартпен келісімге келу керек. Шартты орнату  үшін жоғары жұмыс тобы құрылған.  Қазіргі таңда 5 мемлекеттік жұмыс тобы осы жұмыстың шеңберінде шартты жобаларлы қарастырып жатыр, - деп мәлімдеді Мұхтар Тілеуберді.

Мұхтар Тілеуберді Каспий теңізі арқылы шектесетін елдердің арасында салалық келісімдерге келіп жатқанын атап өтті.

Әрине, теңіз болғаннан кейін қарастырылатын мәселелер өте көп. Сол себепті қазіргі таңда біз басқа мемлекеттермен салалық келісімдердің жобаларын қарастырып жатырмыз. Ол ең біріншіден, браконьерлікпен күрес немесе теңіздегі құтқару мәселелері және Каспий теңізін дамытуға бағытталады, - деді СІМ министрі. 

Өзгелердің жаңалығы