Министр: Мүгедектер жұмыс істей алатын кәсіптердің атласы әзірленеді

19 Желтоқсан 2019, 23:42
4451
Бөлісу:
Министр: Мүгедектер жұмыс істей алатын кәсіптердің атласы әзірленеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов "Nur Otan" партиясының филиалында азаматтарды қабылдады.

Сонымен қатар, министр қарттар үйінде болып, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлерімен әңгімелесті. 

Кездесулер барысында ҚР Еңбекминінің басшысы ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмалардың орындалуы туралы айтып берді.

Олардың мәселелері жұмыспен қамтуға қатысты болды. Біржан Нұрымбетов ақтаулықтарға Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған тетіктер туралы егжей-тегжейлі айтып берді және қалалық жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерінен азаматтарға жұмыс табуға көмектесуін сұрады.

Жұмыс сапары барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсететін №2 арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну орталығында да болды. Ұйым қызметкерлерімен сөйлескен Біржан Нұрымбетов арнайы қызметтер жүйесі Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейін ұлттық жоспарды жүзеге асыру аясында дамитын болатынын атап өтті.

Біз мүгедектерді қоғам өміріне белсенді тартатын боламыз, олардың экономикалық белсенділігі үшін жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді. Мүгедектігі бар адамдардың құзыреттілігі бойынша деректер базасын құру жоспарлануда, сондай-ақ мүгедектер жұмыс істей алатын кәсіптердің атласы әзірленетін болады. Барлық өңірлерде 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік бейімдеумен және оңалтумен айналысатын Оңалту орталықтары жұмыс істейтін болады. 2020 жылы 3 оңалту орталығын, 2021 жылы тағы 3 оңалту орталығын салуды бастауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру есебінен жеке оңалту орталықтарын дамыту жөнінде шаралар қабылданатын болады. Бұл бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді, - деді Біржан Нұрымбетов.

Сонымен қатар, министр ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің облыстық департаментінің және Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Біржан Нұрымбетов ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын жүзеге асыру туралы, атап айтқанда: 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерін енгізу және көп балалы аналарды шағын және орта бизнеске тарту мақсатында "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына енгізілген өзгерістер туралы жан-жақты айтып берді.

Өзгелердің жаңалығы