Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Игорь Вовнянконың отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
Бүгін, 80-ге қараған шағында танымал қазақстандық кинооператор, режиссер, Қазақстан кинематографистері Одағының басшысы Игорь Вовнянко қайтыс болды. Игорь Александрович Вовнянконың есімі отандық киноиндустрия саласының дамуына өлшеусіз еңбек сіңірген нағыз кәсіби маман ретінде мәңгілік есте сақталады. Марқұмның отбасы мен жақындарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын, - деп жазды министр.