Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов бірқатар өңірлерде алдағы үш ай мерзімде коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылыстарды пайдалану және басқару жөніндегі мамандандырылған ұйым құру керек екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атап айтқанда, Ақмола, Ақтөбе, СҚО, Жетісу, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Абай және Ұлытау облыстарының әкімдіктері бұл жұмысты атқаруы керек.
Сондай-ақ, министр жергілікті атқарушы органдар су қоймаларының жай-күйін айқындауға мүмкіндік беретін гидротехникалық құрылыстарға көп факторлы тексеру жүргізуге қаржы бөлуі қажет екенін атап өтті.
«Су кеңесінде бірқатар өңірлерде гидротехникалық құрылыстарды пайдалану және басқару бойынша, оның ішінде Батыс Қазақстан облысында мамандандырылған коммуналдық ұйымдар жоқ екенін атап өттім», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.