Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Министр елдегі жылу желілерін жаңарту үшін тағы да ақша сұрады

Олжас АДАЙ
20 Желтоқсан 2022, 12:14
1236
Бөлісу:

Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі таңда қалалардағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы - 12,1 мың шақырым. Оның  6,7 мың шақырымы ауыстыруды талап етеді, орташа тозу деңгейі – 55  пайыз. Қажетті инвестиция көлемі шамамен  2,2 трлн теңге. Әкімдіктердің деректері бойынша табиғи монополиялардың 83 субъектісі  74 қалада жылумен жабдықтау қызметтерін көрсетеді, оның ішінде 61 коммуналдық кәсіпорынның теңгерімінде 10,2 мың шақырым (тозу – 52 пайыз),  22 жеке субъектінің теңгерімінде 1,9 мың шақырым жылу желілері бар, - деді Өскенбаев.

Министрдің дерегінше, 19 қаладағы желілердің тозуы 50 пайыздан 70 пайызға жеткен. Оның жалпы ұзындығы - 5,9 мың шақырым.

Соның ішінде 3,7 мың шақырымы ауыстыруды талап етеді, желілер 20 субъектінің теңгерімінде (мемлекеттік - 15, жеке - 5). 7 қаладағы желілердің тозу деңгейі 70 пайыздан асады, ұзындығы 1,9 мың шақырым. Соның ішінде  1,6 мың шақырымы ауыстыруды талап етеді, - деп мәлімдеді Индустрия министрі.

Өзгелердің жаңалығы