Министр Цой: Күзге дейін елімізде 10 млн адамды вакцинациялау жоспарда

19 Шілде 2021, 21:37
3076
Бөлісу:
Министр Цой: Күзге дейін елімізде 10 млн адамды вакцинациялау жоспарда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қыркүйек айына дейін 10 миллион адамға коронавирус инфекциясына қарсы екпе салыну жоспарланып отырғандығын айтты. 

Бұл туралы ведомство басшысы «Хабар 24» арнасының эфирінде берген сұхбаты барысында алға тартты.

Министрдің айтуынша, еліміздегі медициналық қызметкерлердің 90%-дан астамы вакцина алған. Алайда дәрігерлерді ғана вакцинациялау жеткіліксіз көрінеді.

10 миллион азаматты вакцинациялау барысында қамтимыз деп жоспарлап отырмыз. Қыркүйек айының соңына дейін болса, құба-құп. Аймақтар, халықты барынша қамту үшін бағыттап жатырмыз. Әрине, барлығы бізге байланысты емес. Оның үстіне, вакцинациялау ерікті болып табылады, - деді министр.
Уақыт өте келе әлемде вакцинацияның шегіне жеткен соң вирус әлсіреп, маусымдық инфекциялардың қатарына ауысуы мүмкін.

Қазіргі уақытта 4 миллионнан астам адам екпе алып үлгерген.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрінің ведомство ғимаратының алдында орын алған оқиғаға қатысты пікір білдіргендігі туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы