Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар алаңында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев БҚО-да мерт болған инспектор қазасына қатысты түсініктеме берді.
Журналист ОКҚ-да БҚО-да абайсызда атылған қарудан көз жұмған инспектор қазасына қатысты сұрақ қойды.
Өкінішке қарай, осындай оқиға (инспектор қазасы – ред.) болды. Министрліктің атынан қаза тапқан әріптесіміздің отбасына көңіл айтамын. Бастапқы нұсқа бойынша, бұл абайсызда болған оқиға болды. Бірақ қазір тиісті органдар тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Сол себепті бүгін қолымызда толық нақты ақпарат жоқ, - деп айтты Серікқали Брекешев.
Министр тергеу амалдарының нәтижесін күту керегін айтты.
14 желтоқсанда БҚО аумақтық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Серік Сағындықұлы Мәженов абайсызда қолданған қарудан көз жұмған болатын.