Министр Бибігүл Төлегенова тап болған оқиғаға қатысты пікір білдірді

5 Қыркүйек 2024, 12:29
632
Бөлісу:
Министр Бибігүл Төлегенова тап болған оқиғаға қатысты пікір білдірді
Фото: Gov.kz

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Air Astana бортында Бибігүл Төлегеновамен болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Министр Арман Шаққалиев нормативтік актілерді сақтаудың маңызын атады, алайда этикалық нормаларды ескеру қажетін де еске салды.

Тыйым салынған болса, рұқсат етілмейді, ал егер тікелей тыйым салынбаса, онда рұқсат етіледі. Шынымен адам функционалдық қиындықтарға тап болып, оған жету қиын болды. Менің ойымша, әуежай қызметкерлері ерекшелік жасау үшін осы принципті қолдана алатын еді, - деді министр.

Ол сондай-ақ әріптесі Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның осы оқиғаға қатысты позициясымен толық қосылатынын жеткізді.

Айта кетсек, күні кеше халық әртісі Бибігүл Төлегенованың қызы Air Astana қызметкерінің анасын бортқа кіргізбей, дөрекі сөйлегенін желіге жариялаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы