Министр: БАҚ-та мемлекеттік тілге деген сұраныс артып келеді

21 Тамыз 2023, 22:58
747
Бөлісу:
Министр: БАҚ-та мемлекеттік тілге деген сұраныс артып келеді
Фото: скрин

«Мемлекеттік БАҚ-та мемлекеттік тілге деген сұраныс артып келеді» деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Өзекті» YouTube-жобасына берген сұхбатында, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Біздің еліміздегі қазір сериалдарға немесе әртүрлі контентке деген сұраныс та артып отыр. Бір жылдың ішінде аудиовизуалды жүзден астам өнім шетелге сатылған. Мұның өзі қазақ тілінде жасалған өнімдерге шетелдерде сұраныстың бар екендігін көрсетеді. Әсіресе, осы біздің алыс-жақын көршілерімізде, - деді министр сұхбатында.

Сонымен қатар, министр алпауыт әлеуметтік платформалардың да интерфейсі қазақшаланғанын тілге тиек етті. Бұның өзі қазақ тілінің қолданылу аясы кеңейіп келе жатқандығының көрінісі деп атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы