Министр азық-түлік бағасын тұрақтандыратын механизмдерді айтты

18 Қараша 2019, 12:16
4568
Бөлісу:
Министр азық-түлік бағасын тұрақтандыратын механизмдерді айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов азық-түлік тауарларының қымбаттауына жол бермеу мақсатында атқарылатын шаралар туралы баяндады.   

Алдымен министр бағаны ұстап тұратын тұрақтандыру қорларының қызметіне тоқталды.  

Ондағы азық-түлік тауарларының жалпы көлемі – 45 мың тонна. Бұл өңірлердегі халықтың қажеттілігін 3% ғана құрайды. Сатып алу көлемінің төмендеуіне қарамастан 17 өңірдің 12 тұрақтандыру қорына бөлінген 2,7 млрд теңге екінші деңгейлі банктердің депозиттерінде жатыр. Іс жүзінде бұл ақша өңірлердегі әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларының жұмыс істеуіне мүмкіндік береді де, жоғарыда атап өткендей банктерге көмектесіп отыр. Тұрақтандыру қорларынан сатып алуда халықтың қажеттілігін 15-20% ұлғайту қажет. Сондықтан өңірлер өздерінің талдауы бойынша әртүрлі тауарлардың көлемін ұлғайтуы қажет, - деді министр.

Ведомство басшысы бағаны ұстап тұру бойынша бюджеттен қомақты қаражат сұрамайтын баламалы тетіктер туралы айтты. 

Біріншіден, айналым схемасы деген механизм. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының белгіленген баға бойынша сатудың қарсы міндеттемелері бар. Сауда желілеріне жеңілдетілген қаржы беру іске асырылып жатыр. Биыл айналым схемасы төрт пилоттық аймақта іске асырылып отыр. Қазіргі заманғы форматтағы қоймалардың тапшылығын ескере отырып, әлеуметтік кәсіпкерлер корпорацияларының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын форвардтық сатып алуды жүзеге асыруға мүмкіндіктері бар. Баға өсімінің негізгі себебі – қайта сатып алушылар. Біз үшін сауда мен таураларды сақтаудың қазіргі заманғы инфрақұрылымын құру маңызды. Көтерме тарату орталықтарының құрылысы басталды. Олар өнімдерді сақтау, орау, өткізу, тасымалдау бойынша өндірушілерге қызмет көсретеді, - деп сөзін түйіндеді ол.
Естеріңізге сала кетейік, премьер-министр Асқар Мамин азық-түлік бағасына жауапты министрлер мен әкімдердің орынбасарларын жазалауды тапсырған болатын. Сонымен қатар, ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов азық-түліктің қымбаттау себептерін айтқан еді. Елімізде жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 10% қымбаттаған.
Өзгелердің жаңалығы