Министр Астанадағы екі ірі емхананың жұмысымен танысты

27 Наурыз 2024, 05:23
553
Бөлісу:
Министр Астанадағы екі ірі емхананың жұмысымен танысты
Фото: gov.kz

Денсаулық сақтау министрі елордалық медициналық нысандарға баруды жалғастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Ведомство басшысы 90 мыңнан астам тұрғын тіркелген Астана қаласының № 6 қалалық емханасының жұмысымен танысты.

Ірі медициналық ұйымның дәрігерлерімен алғашқы деңгейде медициналық көмек көрсету сапасына байланысты бірқатар проблемалық мәселелер талқыланды.

Кездесу барысында жалпы практика дәрігерлерінің біліктілігін арттыру, оларды артық тән емес функционалдылықтан босату, емдеу процесіне көбірек көңіл бөлу қажеттігі атап өтілді.

Күшейтуді қажет ететін тағы бір маңызды бағыт – емханалардағы пациенттерді қолдау қызметтері, олар шағымдар мен өтініштердің пайда болуына жол бермей, жергілікті жерлерде тиімді ыңғайлы коммуникацияларды үйретіп, қамтамасыз етуі тиіс. Емханадағы пациенттер наразылығының негізгі себептері - арнайы мамандардың және аспаптық диагностиканың қолжетімділігі, сондай-ақ бекіту және дәрігерлердің науқастардың үйіне бару мәселелері.

Әрі қарай министр шақыртулардың төртінші санатына қызмет көрсететін емхана жанындағы жедел жәрдем қызметінің жұмысымен танысты. Шұғыл көмекті орталықсыздандыруды және аудандық деңгейге қайтаруды ескере отырып, осы практикаға талдау жасау және тиімділік жағдайында ірі МСАК нысандарында шұғыл науқастарға қызмет көрсетудің осындай тәжірибесін көбейту тапсырылды.

Талқылаудың келесі тақырыбы мектептегі профилактикалық тексерулер, атап айтқанда, балалардағы жалпы стоматологиялық аурулар профилактикасының сапасы, балалар білім беру мекемелеріндегі гигиена кабинеттерін қалпына келтіру болды.

Дәрігерлер өз кезегінде медициналық ақпараттық жүйелердің жұмысы бойынша өз шағымдарын білдіріп, жалпы практика дәрігерлеріне пациенттердің кезектілігін төмендету жөнінде ұсыныстар берді.

Бұдан әрі министр жалпы бекітілген 70 мың тұрғыны бар "Салауатты Астана" ЖШС медициналық орталығының жұмысымен танысты.

Сондай-ақ арнайы мамандардың қолжетімділігі, пациенттердің шағымдарымен жұмыс істеу бойынша әңгіме болды, скринингтерді қаржыландыру және МСАК деңгейінде бизнес-процестерді оңтайландыру мәселелері қозғалды.

Емханалардың жұмысын жақсарту бойынша проблемалық мәселелерді талқылау нәтижелерін қорытындылай келе, министр ұсыныстарды біріктіруге және олардың тиімділігін ескере отырып, денсаулық сақтаудың нормативтік құжаттарына өзгерістер әзірлеуге шақырды.

Өзгелердің жаңалығы