Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Батыс Қазақстан облысына қайта барды, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
Ведомство басшысы Бөрлі ауданының елді мекендерінде салынған қорғаныс бөгеттерін тексерді. Естеріңізге сала кетейік, Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты өңірде кейбір ауылдарды су басу қаупі әлі де сақталуда.
ТЖМ тұрғындардан дүрбелеңге түспеуді, Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарына сәйкес әрекет етуді және қажет болған жағдайда қауіпсіз жерлерге эвакуациялауды сұрайды, - делінген министрліктің хабарламасында.
Қажет болған жағдайда "112" телефоны арқылы хабарласуға болады.