Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжіліс отырысында өткен жылғы бюджеттің атқарылуы мен шығындары туралы жасаған баяндамасында айтты.
Оның айтуынша, өткен жылы бюджет шығыстары 351 бюджеттік бағдарлама шеңберінде 63 стратегиялық бағыт бойынша жұмсалды. Стратегиялық жоспарлардың 261 индикаторына қол жеткізілді.
Қаражаттың едәуір бөлігі 13 мемлекеттік бағдарламаны қаржыландыруға бағытталған.
Атап айтқанда, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы есебінен транзиттік жүк көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 20%-дан астам өсіп, 23,5 млн тоннаға жетті. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 15,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Сонымен қатар индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы бойынша 105 мыңға жуық жұмыс орны сақталды және ашылды. Агроөнеркәсіптік кешен мемлекеттік бағдарламасы бойынша 29 мыңнан астам жоба инвестициялық субсидиялаумен қамтылды. Банктерде және микроқаржы ұйымдарында тұтынушылық қарыздар бойынша халықтың әлеуметтік осал санаттарының борыштық жүктемесін төмендету бойынша шаралар қабылданды. 30 мыңнан астам қарыз өтелді, - деді ол.Еске салсақ, бүгінгі отырыс барысында Қаржы министрі өткен жылы бюджеттің басым бөлігі қолдау шараларына жұмсалғанын айтты. Сонымен қатар ол ұлттық қордан трансферт тарту өскенін айтып өтті.