Министр 100 мыңға жуық бала тегін тамақпен қамтамасыз етілетінін айтты

15 Тамыз 2023, 10:43
1209
Бөлісу:
Министр 100 мыңға жуық бала тегін тамақпен қамтамасыз етілетінін айтты
Фото: Артём Чурсинов - архив

Бұл жайында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ведомство басшысының мәлімдеуінше, бүгінгі таңда еліміз бойынша 2-ден 6 жасқа дейінгі балалардың 89,1% мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылған.

Жыл басынан бері бұл бағытта өсім байқалады. Егер бірінші тоқсанда 10 мың орынға арналған 117 ұйым ашылса, қазір 30 мың орындық 308 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Бұл жұмыстар әлі де жалғасады, – деді Ғани Бейсембаев.

Министрдің сөзінше, дегенмен де Ұлытау, Маңғыстау және Қарағанды облыстары әкімдері жылдың соңына дейін жоспарлы көрсеткіштерге жету үшін жұмысты күшейтуі қажет.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 1 қыркүйектен бастап балабақшаға баратын аз қамтылған отбасылардан шыққан 97 мыңнан астам бала тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы тәрбиешілердің еңбекақысын арттыруды тапсырған болатын. Биыл қыркүйектен бастап тәрбиешілердің еңбекақысы 30% - ға көтеріледі. Бұдан басқа, мектепке дейінгі ұйымдарда орындардың бөлінуін ашық жүргізу үшін жыл соңына дейін Балаларды кезекке қоюды есепке алудың бірыңғай базасы әзірленуде. Оны толықтай іске қосу жылдың соңына дейін жоспарланып отыр, – деді министр.

Өзгелердің жаңалығы