Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімі Даниал Ахметов қала және аудан әкімдерімен, сондай-ақ басқарма басшыларымен кеңес өткізді, деп хабарлайды altaynews.kz.
Кеңесте қалалардың айналасындағы және ішіндегі жасыл белдеулер мәселесі талқыланды.
Біз миллионға жуық ағаш отырғызуды жоспарлап отырмыз. Қала әкімдеріне көгалдандыру жоспарына түзетулер енгізуді тапсырамын. Әр қала үшін қосымша ағаштар мен бұталар отырғызылсын. Өскемен мен Семейге – 30 мың көшет. Риддер мен Алтайға – 15 мыңнан, – деді облыс әкімі.
Аймақ басшысы тұрғын үйлерді көгалдандыруға да көңіл бөлеу керектігін айтты.
Біз оған да дайынбыз. Тұрғындардың өздері бұл бастаманы қолдайтынына сенімдімін. Олар ағаш отырғызуға белсенді қатысып қана қоймай, оларға қамқорлық жасайды, – дейді Даниал Ахметов.