Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Миллионерлер лигасы: Киберспортта ең көп табыс тапқан 10 команда

26 Шілде 2025, 17:25
690
Бөлісу:
 Pixabay
Фото: Pixabay

2024 жыл киберспорт тарихында ерекше белес болды. Әртүрлі дисциплиналардағы турнирлер бұрын-соңды болмаған көрермен санын жинап, жаңа есімдер мен мықты командалар жарқ етіп шықты. Сарапшылар бұл кезеңді киберспорттың нағыз "алтын ғасыры" деп атап жүр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әсіресе Сауд Арабиясы үкіметінің салаға бағыттаған ірі инвестициялары индустрияның дамуын тікелей жылдамдатты. Енді ірі жарыстар тек абырой үшін емес, қомақты қаржы үшін де өтуде — жүлде қоры кейбір дәстүрлі спорт түрлерінен де асып түсіп жатыр.

Киберспорт – бұрын ойын ретінде қаралған құбылыс, бүгінде табысты кәсіпке айналып үлгерді. Forbes Sport рейтингінде көрсетілгендей, әлемдегі ең табысты 10 киберспорт командасы өз тарихында жүздеген миллион доллар табыс тапқан. Бұл тізімде кімдер бар, олардың қайсысы шынымен де киберспорттың бетке ұстар өкіліне айналды – мұның бәрін аталған рейтингтен көруге болады.

Киберспорт тек жастардың ермегі емес, енді бұл – әлемдік деңгейдегі спорттық индустрия. Ал 2024 жыл – оның жаңа дәуірге өткенін дәлелдеген жыл болды.

Киберспорт дағдарыстан қалай шықты және бұл неге пайдалы болды?

2023 жыл киберспорт индустриясы үшін оңайға соқпады. Сарапшылар бұл кезеңді шын мәнінде дағдарыс кезеңі деп бағалайды — жарнама берушілер мен инвесторлар бәсекелі ойындардан шеттей бастады, ал киберспорт ұйымдары жаңа экономикалық шындыққа бейімделуге мәжбүр болды.

Алайда бұл дағдарыс жағымды өзгерістерге де жол ашты. Ең бастысы – ойыншылардың жалақысы мен командалардың үміттері енді құйылған капиталға емес, нақты табысқа негізделе бастады. Team Liquid ұйымының тең құрылтайшысы Стив Архансеттің айтуынша, командасы алғаш рет 2024 жылы пайдаға шыққан. Бұл – 2000 жылы құрылған ұйым тарихындағы елеулі жетістік.

Мұндай өзгерістерге турнирлердегі жүлде қорының айтарлықтай өсуі себеп болды. Соңғы бес жылда жүлде қоры миллион доллардан асатын жарыстардың саны 41%-ға артты. Ал 2024 жылы Эр-Риядта алғаш рет өткен Esports World Cup – киберспорт тарихындағы рекордтық 60 миллион доллар жүлде қорын ұсынды.

Осылайша, 2023 жылғы дағдарыс кезеңі индустрияның мықты іргетасқа көшуіне түрткі болды. Енді киберспорт бұрынғыдан да кәсіби, тұрақты әрі табысты салаға айналып келеді.

Киберспорт командалары әзірге футбол секілді бұқаралық спорт түрлеріндегі ауқымды гонорарларға қол жеткізе қойған жоқ. Дегенмен, турнирлер мен ойыншылар трансферінен түсетін табыс жылдан-жылға артып келеді. Кейбір ұйымдар киберспорт нарығының жаңа мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, қомақты пайда тауып отыр. Төменде өз тарихында ең көп табыс жинаған 10 киберспорт командасының тізімі келтірілген.

1. Team Liquid

Жүлде қоры: $54 млн

Турнир саны: 2937

Елі: Нидерланды

Team Liquid — киберспорт әлеміндегі ең ірі әрі ең тәжірибелі ұйымдардың бірі. Нидерландыда тіркелгенімен, клубтың аты әлемге оның халықаралық құрамдарымен танылды. Бүгінде ұйымның 30-ға жуық түрлі дисциплинада ойнайтын командалары бар.

Liquid-тің ең ірі жетістіктері Dota 2 ойынымен байланысты. Әсіресе The International турнирінде үздік өнер көрсетіп келеді. Бұл — жыл сайын өтетін ең беделді жарыс, оның жүлде қоры ойыншылардың ішкі сатып алулары арқылы қалыптасады. Team Liquid бұл турнирде екі рет чемпион атанды (2017 және 2024 жылдары), бір рет күміс жүлде алып, тағы екі рет үздік төрттікке енді. Жалпы есеппен алғанда, клуб Dota 2 бойынша $31 млн-нан астам табыс тапты.

Liquid үшін табыс әкелген екінші ірі дисциплина — Counter-Strike. Бұл ойыннан ұйым $5,9 млн пайда көрген. Айта кетерлігі, Liquid құрамасы CS-дегі ең беделді турнир — мейджорда жеңіске жете алмағанымен, 2019 жылы төрт ірі жарысты қатарынан жеңіп, Intel Grand Slam трофейін иеленді. Бұл — теннистегі «Үлкен дулығаға» ұқсас жетістік.

Team Liquid StarCraft 2, Rainbow Six Siege және League of Legends секілді басқа ойын түрлерінде де тұрақты жетістікке жетіп келеді. Бұл дисциплиналардың әрқайсысынан клуб $2 млн-нан астам табыс тапқан.

2. OG

Жүлде қоры: $38,7 млн

Турнир саны: 201

Елі: Дания

Team Liquid түрлі ойын түрлерінен жиған жетістігімен көшбасшы атанса, OG ұйымын киберспорт тарихына енгізген бір ғана ойын – Dota 2. Бұл клубтың аңызы бір құрамның айналасында қалыптасты: OG бірнеше жыл қатарынан мейджорларды ұтып жүріп, кейін жас ойыншы мен бұрынғы жаттықтырушыдан құралған эксперименттік құраммен киберспорт әлемін таңғалдырды.

OG 2018 және 2019 жылдары қатарынан The International турнирінде жеңіске жетті. Тек осы екі чемпионаттың өзінде ұйым $27 млн-нан астам табыс тапты – бұл OG-дің жалпы жүлде қорының шамамен 70 пайызы. Сол тарихи құрам Dota 2 жанкүйерлерінің есінде әлі күнге дейін «ең үздік ұжым» ретінде сақталған.

Алайда Dota 2-ден тыс OG-дің жетістіктері айтарлықтай емес. Counter-Strike құрамасы ірі чемпионаттарда жеңіске жетпеді, қазіргі таңда клуб әлемдік рейтингте 44-орында. Ал қалған үш дисциплинада OG небәрі $80 мыңға жетер-жетпес табыс тапқан.

Бұл – нағыз «бір ойындық команда» деген анықтаманың айқын мысалы. Бірақ сол бір ойын OG-ді тарихта мәңгі қалдырды.

3. Team Spirit

Жүлде қоры: $32, 9 млн

Турнир саны: 287

Елі: Сербия (бұрын — Ресей)

Team Spirit — киберспорттағы ең шабыттандыратын табыс хикаяларының бірі. OG секілді бұл ұйым да негізгі табысын Dota 2 арқылы тапқан. Бірақ басты айырмашылығы — OG жеңіске дейін топ-клуб ретінде танылған болса, Spirit ешкім күтпеген сәтте жарқ етіп шықты.

2021 жылы Team Spirit құрамында үш ресейлік пен екі украиналық жас ойыншы бар ұжыммен The Internationalтурнирін сенсациялық түрде жеңіп алды. Бұл — киберспорт тарихындағы ең ірі жүлде қоры тігілген жарыс болды: клуб бірінші орын үшін $18, 2 млн табыс тапты. Оған дейін бұл команданың атын көпшілік білмейтін де.

Кейін, 2023 жылы Team Spirit тағы бір рет The International турнирін ұтты. Алайда бұл жолы жүлде қоры қатты қысқарып, чемпиондық жеңіс тек $1, 5 млн әкелді. Егер турнир бұрынғыдай ауқымды қаржымен өтсе, Spirit рейтингте екінші орынға оңай шығатын еді.

Team Spirit тек Dota 2-де емес, Counter-Strike аренасында да үлкен қарқын алып келеді. Әсіресе 2024 жылы — ұйымның CS-составы жылдың басты сенсациясына айналды. Жас ойыншы Данил «donk» Крышковец әлемнің үздік ойыншысы атанып, клубты мейджор жеңісіне жеткізді. Сарапшылардың пікірінше, алдағы жылдары бұл құрам да Spirit-ке мол табыс әкелмек.

Team Spirit — тарихта аты қалған чемпион ғана емес, болашақта да есеппен жұмыс істейтін киберспорт алпауытына айналуы мүмкін ұйым. 4. Evil Geniuses

Жүлде қоры: $28, 5 млн

Турнир саны: 1019

Елі: АҚШ

4. Evil Geniuses

Evil Geniuses — киберспорт тарихындағы ең көне және ең беделді ұйымдардың бірі. 1999 жылы құрылған клуб сол уақыттан бері барлық негізгі дисциплиналарда өнер көрсетіп келеді. Бұл атаудың астында жүздеген турнир, жүздеген ойыншы және сансыз сәттер бар.

Клуб тарихындағы басты жетістік — 2015 жылғы The International жеңісі. Сол жылы команда құрамында небәрі 16 жастағы пәкістандық вундеркинд Саид «SumaiL» Хассан ойнады. Бұл жеңіс оны Дота әлемінің жұлдызына айналдырды. Дегенмен, клуб ұзақ уақыт бойы "үшінші орынның қарғысына" ұшырап жүрді — The International мен басқа ірі турнирлерде үнемі үздік үштікке енгенімен, финалға жете алмай қалып жүрді. Соған қарамастан, Evil Geniuses Dota 2 арқылы $22 млнтабыс тапты.

Таңғаларлығы — EG үшін екінші тиімді дисциплина Counter-Strike емес. Бұл орынды VALORANT иеленген. 2020 жылы ғана шыққан шутердің арқасында клуб $1, 3 млнпайда көрді. Бұл табыс 2023 жылы өткен VALORANT Champions турниріндегі жеңістің арқасында келген. Айта кету керек, сол құрамды жеңіске жетелеген жаттықтырушы — Кристин «potter» Чи , киберспорт тарихындағы ірі турнирді жеңіп шыққан алғашқы әйел-жаттықтырушы.

Evil Geniuses — киберспорттың өсу жолын бастан кешкен ұйым. Олар үшін басты құндылық – тұрақтылық пен тәжірибе. Жеңіске ғана емес, тарихқа жұмыс істейтін клуб.

5. Natus Vincere (NAVI)

Жүлде қоры: $23,6 млн

Турнир саны: 838

Елі: Украина

Шығыс Еуропа киберспортындағы басты ұйым туралы сөз қозғасақ, ең алдымен Natus Vincere есімі еске түседі. NAVI — 15 жылдан астам уақыт бойы Dota 2 мен Counter-Strike сияқты басты дисциплиналарда үздік деңгейде өнер көрсетіп келе жатқан клуб.

Бұл тізімдегі өзгешелігі — NAVI табысының негізгі бөлігі CS арқылы келген. Команда осы шутерден $11,4 млн табыс тапқан. NAVI — 2013 жылдан бері барлық мейджор турнирлерге қатысқан жалғыз клуб. Екі рет чемпион атанды: 2021 жылы ресейлік және украиналық ойыншылардан құралған құраммен, ал 2024 жылы — ағылшын тілді халықаралық құраммен.

NAVI сондай-ақ Counter-Strike тарихындағы ең беделді жетістіктердің бірі — Intel Grand Slam трофейін жеңіп алған санаулы командалардың бірі. Және, әрине, бұл клубтың символына айналған ойыншы — Александр «s1mple» Костылев, Counter-Strike тарихындағы ең үздік ойыншы ретінде танылған.

Dota 2 саласында клубтың жолы бұлай сәтті бола қойған жоқ. 2011 жылы NAVI алғашқы The International турнирінің жеңімпазы атанды, ал кейінгі екі жыл қатарынан финалға жетті. Бірақ сол кезеңнен кейін команда нәтижелерін ұстап тұра алмады. Қазіргі таңда NAVI Dota сахнасында бұрынғыдай жарқырап тұрған жоқ, дегенмен осы дисциплинадан да $5,4 млн жүлде қоры жинаған.

NAVI — киберспорт тарихындағы аңыз. Олар тек жеңістермен емес, тұрақтылықпен, ықпалды ойыншылармен және ерекше жанкүйерлік мәдениетімен есте қалды.

7. FaZe Clan

Жүлде қоры: $21,1 млн

Турнир саны: 791

Елі: АҚШ

FaZe Clan — киберспорт тарихындағы ең ерекше ұйымдардың бірі. Барлығы YouTube-те Call of Duty ойынынан видеолар түсіріп жүрген энтузиаст достардың бас қосуынан басталған. Уақыт өте бұл шағын жоба үлкен брендке айналып, бүгінгі таңда аты әлемге әйгілі кәсіби клубқа айналды. FaZe — шутер жанрына маманданған киберспорт алпауыттарының бірі.

2016 жылы ұйым Counter-Strike бойынша құрамын жасақтап, бірден үздіктер қатарынан көрінді. Ерекшелігі – FaZe Clan ұзақ уақыт бойы интернационал құраммен ойнаған жалғыз команда болды. Қалған ұйымдар көбіне бір елдің ойыншыларын жинаса, FaZe көпұлтты құраммен жұмыс істеп, сол жолмен жетістікке жетті. Олар — мейджор жеңіп алған тұңғыш интернационал команда.

Клубтың негізгі табысы да Counter-Strike арқылы келді — бұл ойыннан FaZe $7,1 млн жүлде ұтты. Сонымен қатар FaZe Clan Fortnite пен PUBG секілді "корольдік шайқас" жанрындағы жарыстарда да сәтті өнер көрсетіп жүр.

Бірақ бәрі басталған Call of Duty дисциплинасы да ұйымның басты символы күйінде қалды. Соңғы он жылда шыққан әрбір CoD нұсқасында FaZe Clan үздік нәтижелер көрсетіп, осы серия арқылы $2 млн-нан астам табыс тапты — бұл көрсеткіш ойынның өзі нишалық болғанын ескерсек, өте әсерлі нәтиже.

FaZe — бұл жай ғана команда емес. Бұл — медиа, шоу және киберспортты бір арнаға тоғыстырған мәдени феномен.

8. Team Secret

Жүлде қоры: $20,8 млн

Турнир саны: 434

Елі: Еуропа

Team Secret — аты аңызға айналған ұйым, оның тарихы Dota 2 сахнасында жазылды. Клубтың негізін 2014 жылы эстон ойыншысы Клемент «Puppey» Иванов қалаған. Ол сол кезде NAVI құрамынан кетіп, жаңа жобаның көшбасшысына айналды. Содан бері Team Secret – киберспорттың ерекше символдарының бірі.

Ұйым әр жылдары 19 түрлі дисциплинада өнер көрсеткенімен, Dota 2 әрқашан негізгі бағыт болып қала берді. Команданың жалпы табысының 90 пайыздан астамы осы ойыннан келген.

Team Secret сапында әр кезеңде әлемдік деңгейдегі ойыншылар ойнады: әйгілі SumaiL, армян-канадалық Arteezy, Польшаның үздік киберспортшысы Nisha — барлығы да бұл команданың жейдесін киген. Бірақ клубтың жүрегі де, жаны да — Puppey. Ол Secret қатарында 10 жылдан астам уақыт бойы ойнап келеді және осы уақыт ішінде ұйыммен толықтай сіңісіп кеткен.

Team Secret бірнеше ірі халықаралық турнирде топ жарған. Дегенмен, басты турнир — The International финалына команда тек бір рет ғана шықты және онда да 0:3 есебімен ойсырай жеңілді. Бұл нәтиже клубтың беделін түсірмесе де, әлі күнге дейін орындалмаған арманы ретінде сақталып тұр.

Team Secret — тұрақтылықтың, кәсібиліктің және ұзақмерзімді құндылықтардың үлгісі. Олардың тарихы әлі аяқталған жоқ.

9. Virtus.pro

Жүлде қоры: $20,8 млн

Турнир саны: 716

Елі: Армения (бұрын — Ресей)

Киберспорт тарихындағы ең танымал ресейлік клубтардың бірі — Virtus.pro. Соңғы жылдары ұйым ресми түрде Арменияға тіркелгенімен, оның тамыры мен жанкүйерлік базасы әлі де Ресей мен ТМД кеңістігінде. Бұл клуб Dota 2 мен Counter-Strike бағыттарында елеулі жетістікке жеткен.

Virtus.pro-дың Dota 2 құрамасы 2017–2019 жылдар аралығында «алтын дәуірін» бастан кешті. Алексей «Solo» Березин мен Роман «RAMZES» Кушнарев бастаған құрам бірнеше мейджор турнирді жеңіп, ESL-дің үш ірі жарысында топ жарды. Осы жарыстардағы MVP атанған ойыншыларға демеушілердің арнайы сыйы ретінде үш «Мерседес» табысталды. Бір кездері бұл ұжым әлемдегі ең мықты команда саналды. Алайда, қанша тырысқанымен, The International-дің басты жүлдесін ала алмады – ең жоғары көрсеткіші 5–6-орын болды.

Counter-Strike бағытындағы табыс көлемі Dota-ға қарағанда үш есе аз – шамамен $4 млн, бірақ мұнда да клубтың өзіндік тарихы бар. 2014 жылы поляк құрамасы Virtus.pro жейдесінде ойнап, мейджор жеңіп алды. Ал 2022 жылы ресейлік құрам сол жетістікті қайталады, бірақ «Outsiders» деген атаумен. Өйткені Virtus.pro-ға сол кезде халықаралық турнирге өз атауымен қатысуға тыйым салынған болатын. Яғни іс жүзінде олар мейджор жеңді, бірақ бұл табыс клубтың ресми статистикасына толық кірмейді.

Virtus.pro — киберспорт сахнасында өзін дәлелдеген ұйым. Олардың атауы бір дәуірдің символына айналды, ал жанкүйерлері үшін бұл клуб әлі де туған үйдей жақын.

10. Paris Saint-Germain Esports

Жүлде қоры: $19,8 млн

Турнир саны: 179

Елі: Франция

Paris Saint-Germain — киберспортқа тікелей өз командасымен емес, серіктестік форматында келген футбол клубы. 2018 жылы PSG қытайлық LGD ұйымымен біріккеннен кейін PSG.LGD бренді пайда болды. Бұл серіктестік бес жылдан астам уақытқа созылып, ұйымды әлемдік Dota 2 сахнасының алдыңғы шебіне шығарды.

Алайда PSG.LGD сәттілігімен қатар өкінішке толы финалдарымен де есте қалды. 2018 жылы олар OG-ге финалда сенсациялық түрде жол берді. 2019 жылы өз алаңында тек 3-орынға қол жеткізді. Ал 2021 жылы болашағы зор Team Spirit ұжымынан жеңіліс тапты.

Кейінірек PSG Катарлық Quest ұйымымен де бірікті, бірақ бұл серіктестіктен де айтарлықтай нәтиже шыққан жоқ.

Жалпы, PSG Esports Dota 2 арқылы $18,5 млн жүлде жеңіп алғанымен, бұл клуб үшін потенциал әлі толық ашылған жоқ. Ірі бренд пен мықты серіктестіктерге қарамастан, PSG атымен шыққан командалар нағыз чемпион атануға бір қадам жетпей жүр.

Өзгелердің жаңалығы