Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін тоқтату туралы ұсынысты популизм деп санайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұған дейін депутат Нартай Аралбайұлы МӘМС жұмысын толық қалпына келтірмейінше, тоқтата тұру туралы ұсыныс жасаған болатын. Асхат Аймағамбетов әріптесінің идеясына пікірін білдірді.
Әрине, мен қазір “Келіңіздер, бәрін тоқтатайық” деп айта алар едім. Бірақ менің ойымша, бұл – жауапсыз мәлімдеме болар еді. Бұл жай ғана популизм болар еді, ал мен онымен айналысқым келмейді. Бұл жауапсыздық болар еді. Біз, жауапты азаматтар ретінде, бүкіл әлемде сақтандыру жүйесі бар екенін түсінеміз. Басқа мәселе – қандай модель жүзеге асырылған және оның қаншалықты тиімді екендігі. Өкінішке қарай, бізде ол тиімсіз, - деді ол.
Аймағамбетов оның орнына МӘМС-ті реформалау керегін және оған қатысты көзқарастарын ұсынғанын қоса кетті.
Оптимист болайық, мен қазір жүйені жою туралы айтқым келмейді. Әрине, олай айтсам, миллиондаған лайк жинайтын едім, өйткені азаматтарымыз жүйеден шын мәнінде көңілі қалған. Бірақ ‘бәрін бұзамыз, бәрін тоқтатамыз” десем, бұл жауапсыз әрі қате болар еді, шынымен популизм болар еді, – деп айтты депутат кулуарда.
Айта кетейік, МӘМС жарналарын адамдардың өздері басқару керектігі туралы осыған дейін айтылды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Денсаулық сақтау министрлігінің банкіне айналып кетті деген пікір де айтылды. Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы МӘМС жүйесін уақытша тоқтата тұруды ұсынды.