Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Google Play-де гаджеттерге қауіпті 42 қосымшаны тапты. Бұл туралы Sirnedongube.ru сайты хабарлады.
ESET антивирусты компания сарапшыларының хабарлауынша, көптеген қолданушы қауіпті қосымшаларды жүктеп алған. Олар музыкалық ойнатқыш, радио, видео жүктеу үшін бағдарлама түрінде болған. Мамандар олардың көбі телефонның жадында болғандықтан өшіру мүмкін болмай отырғанын айтады. Қауіпті бағдарлама телефон жадын толтырып, энергияны көп қажет етеді. Сонымен қатар, алаяқтарға ақпараттар жіберіп, тіпті бағдарлама жасақтамасын орнатып қоюы мүмкін екен. Қауіпсіздік үшін жауап беретін Google командасы бұл бағдарламаларды өшірген. ESET мамандарының айтуынша, қауіпті қосымшалар әлі де болса қолжетімді болып отыр.