Микробиологтар көлікте заттарды неліктен қалдыруға болмайтынын айтты

1 Қыркүйек 2020, 11:25
1879
Бөлісу:
Микробиологтар көлікте заттарды неліктен қалдыруға болмайтынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Лондонның Метрополитен университетінің микробиологтары ыстық күнде көлікте қалып қойған заттарға не болатынын айтты.

Metro-ның хабарлауынша, көліктегі ауа температурасы даладағы көрсеткіштен әлдақайда жоғары болатындықтан, көлік ішінде түрлі бактериялардың тез көбеюіне әсер етеді. Бұл тұжырымды дәлелдеу үшін ғалымдар көлікте жиі қалып қоятын заттарды таңдады. Оның ішінде көзілдірік, спорттық киім, тиын және тағы басқалар.

Бірнеше күн бойы микробиологтар аталған заттардың бетіндегі микробтардың пайда болу қарқынын бақылады. Белгілі болғандай, көзілдіріктің бетінде эпидермалды стафилококк пайда болған. Ол өз кезегінде иммунитеті төмен адамдарда тері инфекцияларының пайда болуына септігін тигізеді. Пластик пакеттердің бетінен ғалымдар тыныс алу жолдарына қауіп төндіретін зеңнің пайда болатынын байқаған. 

Киілген спорттық киім мен аяқ киімде де көптеген микроб пайда болған. Алайда, олар осы микроағзалардың басқа түрлері сияқты аса қауіпті емес. Егер киім иесі табиғатта белсенді демалысты ұнататын адам болса, сәйкесінше киімде микроб та көбеюі мүмкін.  

Сондай-ақ, машинада қалып қойған тиындар мен кассалық чектерде де микроб көбейген. Олардың көп бөлігі демікпе немесе аллергияны туындататын қауіпті микроағзалар. 

Айта кететіні жеуге жарамды заттардың бетіндегі бактериялар жеуге жарамсыз заттардың бетіндегі бактерияларға қарағанда қауіптілігі төмен болған. Сонда да ғалымдар, әсіресе тағам өнімдерін көлікте қалдырмауға кеңес береді.


Өзгелердің жаңалығы