Көші-қон заңнамасын бұзған 100-ден астам шетелдік анықталды

6 Ақпан 2020, 21:12
1999
Бөлісу:
Көші-қон заңнамасын бұзған 100-ден астам шетелдік анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көші-қон заңнамасының жаңа ережелеріне сәйкес 5 күн ішінде шетелдіктерді уақытша тіркеу жойылды.

Көлік полицейлері жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзған 100-ден астам шетелдікті анықтады.

Көліктегі полиция департаменті сервистік модельге көшу аясында өткен жылдың қараша айынан бастап, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының халықаралық әуежайларында тәулік бойы жұмыс істейтін көші-қон пункттері құрылды.

Аталған пункттерде Департаменттің көші-қон қызметінің полицейлері шетелдіктерге құқықтық көмек көрсетеді. Сондай-ақ көші-қон заңнамасын бұзған жағдайда көшпелі тіркеу және шығу визалары әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін және форс-мажорлық жағдайларда (метеожағдайлар, авиарейстердің кешігуі және т.б.) олардың ұшуы тоқтатылмай, жүзеге асырылады.

Биыл қазақстандық көші-қон заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Ағымдағы жылдың 10 қаңтарынан бастап күшіне енген заңнама нормалары бойынша шетел азаматтарының республика аумағында болуына жеке және заңды тұлғалар - Қазақстан Республикасының азаматтары жауапты болады. Шетелдіктерді қабылдайтын ҚР азаматы үш күнтізбелік күн ішінде көші-қон қызметіне олардың келуі туралы хабар беруге міндетті. Көші-қон заңнамасының жаңа ережелеріне сәйкес 5 күн ішінде шетелдіктерді уақытша тіркеу жойылды. Шетелдік азамат 30 тәуліктен астам болған жағдайда уақытша болуға рұқсат ресімделеді, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлеріне ӘҚБтК-нің 517-бабы (болу мерзімін бұзу) бойынша әкімшілік айыппұл салу өкілеттіктері берілген, оның мөлшері болу мерзімін бұзуға байланысты тағайындалады (мысалы, 3 тәулікке дейін – ескерту, 5 тәулікке дейін - 5 АЕК, 10 тәулікке дейін - 10 АЕК).

Аталған түзету материалдарды сотқа жібермей және шетелдікті рейстен алып тастамай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 10 тәулікке дейінгі мерзімге шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Ағымдағы жыл басынан бері көлік полицейлерінің жүргізген профилактикалық іс-шараларының нәтижесінде 111 шетелдік азаматтың Қазақстан Республикасында болу мерзімдерін бұзғаны анықталды. Сондай-ақ көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының 40-қа жуық азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл ретте қабылдаушы тарап шетелдік азаматтардың болуы туралы хабарлама ретінде шаралар қабылданбады.

Өзгелердің жаңалығы