Алматы, BAQ.KZ. Былтыр 11 айда жеке тұлғалар елімізден шетелге 7 миллиардтай доллар аударған. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлады.
Оқи отырыңыз:
Капиталдың көп бөлігі дәлірек айтсақ, 61,3 пайызы Ресей, Түркия, АҚШ, Өзбекстан, Швейцария және Қытайға жіберілген. Егер, Швейцарияға ақша жіберушілердің 80 пайызы өздерінің есеп-шоттарына аударса, Өзбекстанға керісінше, қайтарымсыз төлемдер жасалған.
«Қазір Қазақстанда 2 миллионнан астам еңбек мигранттары жұмыс істейді. Олардың бір миллионы бұл елде заңды түрде еңбек етіп жатса, тағы бір миллионы мұнда заңсыз жұмыс істейді», - дейді мигранттар мәселелері бойынша халықаралық ұйымның үйлестірушісі Деян Кесерович.