Мейвезер GGG мен Мэнни жекпе-жегіне болжам жасады

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бес салмақта әлем чемпионы болған Флойд Мейвезердің ағасы әрі бапкері&nbsp;Джефф Мейвезер қазақстандық&nbsp;Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) және Мэнни Пакьяо (69-7-2, 39 КО) арасында өтуі мүмкін жекпе-жекте кім жеңетіні туралы пікір білдірді.</h4>

 21 Маусым 2020 2020, 20:29
21 Маусым 2020 2020, 20:29
1876

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бес салмақта әлем чемпионы болған Флойд Мейвезердің ағасы әрі бапкері Джефф Мейвезер қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) және Мэнни Пакьяо (69-7-2, 39 КО) арасында өтуі мүмкін жекпе-жекте кім жеңетіні туралы пікір білдірді.

Мэнни Пакьяо бапкерінің қарсылығына қарамастан Головкинмен жекпе-жекке шықпақ.

GGG жеңісіне қоямын. Мэнни тым кіші. Айтайын дегенім, ол басқа салмаққа көтерлігенде де ірі көрінбеді. Ал Головкинге қарсы жұдырықтасса, өзінен тым үлкен әрі ірі қарсыласпен бетпе-бет келеді. Сондықтан Головкинді таңдаймын, - дейді маман The Mayweather Channel арнасына берген сұхбатында. 

Наверх