Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық балуан Мейіржан Шермаханбет күрес түрлерінен Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Мейіржан Шермахамбет 67 келі салмақ дәрежесінде топ жарды. Финалда ол Оңтүстік Кореяның тәжірибелі балуаны Рю Хансуды уақытынан бұрын таза жеңіспен жеңді.
Сондай-ақ Мейіржан Шермаханбет ширек финалда үндістандық, ал жартылай финалда өзбекстандық қарсыластарының жауырынн жерге тигізді.
Ал 60 келіде жұбаныш белдесуінде бақ сынаған Ернұр Фидахметов қарсыласын басым түсіп, ел қоржынына екінші қоланы әкелді.